Алматыда жүргізуші аялдаманы қиратты: Қыз бала қайтыс болды – Тосын жай

Алматыда жүргізуші аялдаманы қиратып, үш адамды қағып кетті. Соның салдарынан қыз бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

“Өкінішке орай, осы жол-көлік оқиғасы салдарынан аялдама кешенінде тұрған 1988 жылғы қыз бала қайтыс болды. Зардап шеккен тағы екі жаяу жүргінші ауруханада жатыр. “Тойота” жүргізушісі – 1987 жылғы азамат”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ерік Насырбеков. 

Еске салайық, Алматыда автокөлік жүргізушісі аялдамаға соғылып, үш адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Тәтібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында болды.

Зардап шеккен үш адам түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жүргізуші мас болғандықтан көлікті басқара алмай қалған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz