Алматыда жылу желісі жарылып, 4 адамды күйік шалды

Алматыда жылу  магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті.

Алматы жылу желілері кәсіпорнында төтенше жағдай таңғы 4 шамасында Пушкин көшесінен өтетін учаскеде болғанын мәлімдеді.

1993 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі құбыр жарылып кеткен. Салдарынан 4 адам зардап шекті.

“Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8  көлікке зақым келді. Барлық келтірілген шығындар көлемі есептелген соң заң шеңберінде өтелетін болады”,- деді Алматы жылу желілері кәсіпорнынан.

Алматы коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті.

inform.kz