Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамаудан босатылды

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі 25 сот алқасы мамандырылған ауданаралық тергеу сотының Қанат Тезекбаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотының Қанат Тезекбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы түрінде шығарған санкцияны қанағаттандырмау туралы жаңа қаулы жарияланды. Оның орнына Тезекбаевқа қатысты өзін тәртіпті ұстап, жүріс-тұрысынан алдын ала хабар беріп отыру тұрғысындағы талап бойынша қолхатпен босату түрінде жаңа алдын-алу шарасы бекітілді.

Қаулы қайта қарауға жатпайды.

Ал №4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог дәрігері әлі қамауда. Оған “Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби салғырттығы салдарынан адам өліміне әкеп соғу” бабы бойынша айып тағылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тезекбаевтың әйелі жазған хатта белгілі болғандай, дәрігерлерді қамау Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың ұлының қазасынан соң басталған.