Алматыдағы сел: оқиға орнынан суреттер мен видео жарияланды

14 тамызда Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп өтті. Оқиға орнынан Zakon.kz тілшісі суреттер мен видео жариялады.

Наурызбай ауданы тұрғындарына таңертең құжаттарын жинап, жақын маңдағы эвакуациялық пункттерге жиналуға кеңес берілді.

Эвакуациялық пункттер:

  1. Ескі әкімдік. Жандосов – Рысқұлов;
  2. Шәймерденов көшесіндегі 175 мектеп;
  3. 158 мектеп. Жандосов – Яссауи.

Селдің қаупі әлі басылмай тұр.

14 тамызда таңғы 06 сағат 20 минутта Қарғалы өзенінің №1 бассейні тасыған, өзен суы 5 метрге төмендеген, сыртқа аққан судың көлемі – 20 мың текше метр.

Қазіргі уақытта Тау Самалы (Каменка) ықшам ауданы жабық. Оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барды.