Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі болды

2 қаңтарда Қазақстанда жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТӘЭ сайтына сілтеме жасап.  Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен 7:51-де тіркелді. Оның эпицентрі Алматының солтүстігінде 510 шақырым жерде болды.  Жер сілкінісінің энергетикалық деңгейі – 9.0; MPV магнитудасы – 4.0; тереңдігі – 25 шақырым. Табиғи құбылыс адамдарға сезілмеген.  Бұған дейін жер сілкінісі Алматы облысының Алтын Емел ұлттық паркі аймағында болған еді.