Алматыдан Қарағандыға енді 6000 теңгеге ұшып баруға болады – Ел жаңалықтары

2 мамырда FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Қарағанды – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсті бастайды. Билет бағасы 6 000 теңге болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әуекомпания Алматыдан Қарағандыға бір сағат, 30 минутта жеткізеді. Билеттер компанияның сайтында сатылып жатыр. Бұл үшін 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері қолданылады.

“Қарағанды – әуе хабарлама жоғары сұранысқа ие Қазақстандағы төртінші қала. Енді оңтүстік астанадан Қазақстан орталығына жету қол жетімдірек әрі ыңғайлырақ болады. Отандастарымыз қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan-ды дұрыс бағалайды деген үміттеміз”, – деді сатылым және маркетинг директоры Жанар Жайлауова. 

Бұған дейін FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстер ашқаны хабарланған еді. Бұл рейс 1 мамырдан бастап ұшады. 

FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға және Оралға ұшатын рейстерді ашқан болатын. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz