Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматыдан 242 шақырым жерде жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 9:31-де (Гринвич бойынша, 2020 жылғы 15 ақпанда 03 сағат 31 минутта) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала эпицентрі – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 242 шақырым жердегі Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған. Оның энергетикалық класы – 11.3. MPV. Магнитудасы – 5.6.

Алматыда дүмпулер 2 балдық күшпен сезілген.