
Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматы өзінің көрікті ботаникалық бағымен де көпшілікке танымал. Жылдың төрт мезгілінде барсаңыз да, тамаша табиғатқа тап боласыз. Шулы қаланың ортасында орналасса да, онда мүлгіген тынштық, тек құстар үні мен сыбдырлаған су үнің ғана естисіз. Бүгін «Таза Ел.кз» оқырмандарына, осынау бірегей мекеннен арнайы репортаж ұсынып отыр.
Ботаникалық бақ- Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 — 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция инстиутының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га.
Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және басқа жақтан әкелінген өсімдіктердің қасиеттерін жан-жақты зерттеу, оларды өсірудің, тиімді пайдаланудың жолын көрсету; өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін жасау; дүние жүзі флорасына жататын өсімдіктердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ