“Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ” – GGG командасы – Бокс

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Мынаны анықтап алу керек: бүгінде ресми мәлімдеме жоқ. Мен олардың (Альварес командасы – авт. түсіндірмесі) үшінші жекпе-жек туралы айтқаны не жазғанына сенбеймін. Олардың екі жекпе-жек алдында айтқан бос сөздеріне үйренетін кез келді?!”, – деді Өтешова Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, мексикалық боксшының командасы Головкинді масқара етуді мақсат еткен. 

“Қысқа ғана жауап қайтарар болсақ: Мен үшінші жекпе-жек туралы не айтып не жазса да сенбес едім. Себебі оның барлығынын сол тарап жазып шығарып жүр”, – деді ол. 

Айта кетейік, Головкин – Альварес арасындағы екі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталды, ал 12 айдан соң кездесуде төрешілердің көпшілігінің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Головкин барлық белбеуінен айырылып қалған еді. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz