Анастасия Галееваның өліміне күдікті ұсталды

Екі ай бұрын жоалып кеткен Анастасия Галееваның өліміне күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Анастасия Галееваның өліміне күдіктіні ұстадық. 1992 жылы туған жігіт тұтқындалды. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Алматы тұрғыны Анастасия Галеева 9 ақпанда Талғар ауданында тұратын құрбысына кетіп, сол күйі жоғалып кеткен еді. Бірнеше күннен соң қыздың туыстары жергілікті полицияға барып, қыздың жоғалып кеткенін айтқан. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстары ғана емес, еріктілер мен Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі (ҚКК) де қосылған.

10 сәуірде жоғалған қыздың денесі Іле ауданындағы су арығының шлюзінен табылған болатын.