Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов пен аппарат басшысы Талғат Бөлтенов қызметтерінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиге сілтеме жасап. 

“Берілген өтініш негізінде, отбасы жағдайына байланысты облыс әкімінің орынбасары Василий Леонидович Крылов атқарып отырған қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Талғат Бөлтенов Ақмола облысының қаржы басқармасына қайта оралуын сұрап, қызметінен босатылады”, – деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин аппарат кеңесінде.

Ол Василий Крылов пен Талғат Бөлтеновке бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, оларға табыс тіледі.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz