Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлады

20 маусымда шамамен таңғы сағат 9:00-де Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты орын алды – авиахимиялық жұмыстар үшін пайдаланылатын АН-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты, екінші пилот пен техник ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның себебі анықталуда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігің ақпаратына сәйкес, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіледі.