АҚШ-тың Мемлекеттік хашысы Майк Помпео Нұр-Сұлтанға келді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні Қазақстан астанасына келді. Мұнда ол республика басшылығымен екіжақты және өңірлік қарым-қатынас пен жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқыламақ. Сапар аясында М.Помпеоның ел басшылығы мен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған. Айта кетейік, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге сапары 3-7 қаңтар аралығына жоспарланған.