АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы жайлы мәлімет бергендерге сыйақы жариялады – Жаһан

АҚШ “әл-Каида” лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен жайлы мәлімет бергендерге миллион долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің сайтында айтылады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап өзінің ізбасарларын АҚШ-қа және батыстағы елдерге шабуыл жасауға шақырып, Интернетте аудио және видеохабарламалар таратқан”, – делінген сайтта.

Америкалық дереккөздің мәліметінше, Хамза бен Ладен әкесінің өлімі үшін кек аламын деп қорқытқан. Мемлекеттік департаменттегілердің айтуынша, Хамза бен Ладен “Әл-Каида” лаңкестік ұйымына 2015 жылы ресми түрде кірген.

Ал РИА Новости мәліметінше, ол қазіргі уақытта Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында немесе Иранда жасырынып жүруі мүмкін.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz