Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 380 теңгеге сатылып жатыр – Нарық

9 наурызда Қазақстанның ірі қалаларының айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Теміртау айырбастау пунктерінде америкалық валютаны 379-381 теңгеге сатылып жатыр. Ең төменгі көрсеткіш – 378,1 теңге, ең жоғарғы көрсеткіш – 383 теңге (Ақтөбеде).

Өткен аптада “жасыл қағаздың” бағасы KASE қор биржасының саудасында ұлттық валюта бағамы 375,90 теңге болды. Осы аптаның қорытындысы бойынша бір доллар құны – 379,42 теңге болды, осылайша тарихи ең төменгі көрсеткішіне жақындады.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, теңгенің теріс динамикасы қысқа мерзімді өтімділік профицитінің өсуі сияқты ішкі факторлардың әсерімен, сондай-ақ шетелдік валютаға деген тұрақты сұраныспен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, доллар жаһандық валюта нарығында біртіндеп нығайып жатыр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz