
26 ақпанда Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылының маңында автобус аударылды. Салонда 48 адам болған – 45 жолаушы мен 3 жүргізуші, – деп хабарлайды “Диапазон” басылымы.
Автобуста 48 адам болғаны айтылады – үш қазақстандық жүргізуші мен Тәжікстанның 45 жолаушысы. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялаған.