Ақтөбеде кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған – Қылмыс

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі жеке кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған, – деп хабарлайды “Мой ГОРОД”.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 32 жастағы ер адам қылмыстық топтың мүшесі екен, ол бұрындары үш рет ұрлық, қарақшылық шабуыл және бұзақылық үшін сотталғаны анықталған.

Айта кетейік, күдікті 2018 жылдан бері бопсалау қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген. 

“Қорқыту және күш қолдану арқылы ол сыбайластарымен бірге жеке кәсіпкерден аса ірі көлемде (43,5 миллион теңге) қаражат бопсалаған. Бопсалау дерегі бойынша ұсталған (қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында) сыбайластарының ісі 2019 жылы ақпанда сотқа жіберілген”, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz