Ақтөбеде пойыз УАЗ көлігін соқты: 82 жастағы жүргізуші қаза тапты

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жүк пойызы жеңіл көлікпен соғысты, – деп хабарлайды КТК арнасы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шекке 82 жастағы қария тіл тартпай кетті. 

УАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 82 жастағы қария оқиға орнында көз жұмған. Оқыс оқиға Шалқар қаласының іргесіндегі Мырзағұл Шыманұлы ауылы маңында болды. Бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан, ақсақал кешқұрым өткелден көлігімен өте шықпақ болады. Бірақ үлгермеді. Қатты соққыдан УАЗ-дың да түгі қалмаған. Өткел Бейнеуден Жезқазғанға қатынайтын шойын жолдың бойында.
Kaz.tengrinews.kz