Арыста 70 үйдің толықтай қирағаны хабарланды

Қазақстан төтенше жағдай комитетінің есебінше, Арыста толығымен қираған үйлердің саны – 70. Бұл туралы комитет басшысы Владимир Беккер 2 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында жариялады. Оның айтуынша, қираған үйлер саны әлі де өсуі мүмкін. Үкімет Арыстағы жарылыстан қираған үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.

Төтенше жағдай комитеті Арыстағы жарылыстан қираған үйлерді қалпына келтіру үшін шамамен 20 миллиард теңге (шамамен 52,6 миллион доллар) керек деп есептейді.

azattyq.org