Арыста қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті

Арыс қаласында қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

«Қорғаныс министрлігі бүгін Шымкенттегі ауруханалардың бірінде Арыстағы төтенше жағдай барысынында жарақат алған келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант А.Н. Ахметовтың қайтыс болғанын хабарлайды», – делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қайғылы қазаға ортақтасып, туысқандары мен жақындарына көңіл айтады.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмек сұрап 70 адам жүгінген, оның ішінде 45-і ауруханаға жатқызылған.

26 маусымдағы таңғы сағат 6 жағдай бойынша Арыстағы төтенше жағдай салдарын 1251 адам жоюда.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз