Арыста жоғалған барлық бала табылды – Ішкі істер министрі

Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

“Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым түскен жоқ”, – деді Тұрғымбаев.

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді.

Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясына бірнеше баланың суреті жолданған еді. Облыс басшысы Өмірзақ Шүкеев жарылыстың бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. 25 маусымда түнгі уақытта 117 баланың ата-аналарына тапысырылғаны хабарланды. Осыдан кейін де мың бала ата-анасына тапсырылғаны жайлы хабар тараған еді.

 

kaz.tengrinews.kz