Арыстағы оқ-дәрілерді жою кезінде 1,7 миллиард теңге ұрланған

Экономикалық тергеу департаменті “Қазтехнология” АҚ 1,7 миллиард ұрлау дерегіне қатысты тергеу жұмысатырын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Қазтехнология” АҚ Арыс және Отар әскери бөлімдерінде әскери құрылғыларды сатуда, сынықтар мен металл сатуда 1,7 миллиард теңге ұрланғаны туралы дерек анықталды”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық тергеу департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Қамитов.

“Қазтехнологияға” қатысты қылмыстық істің кезеңі ұзақ – 2013 жылдан бері. Алайда біз тергеуді енді бастағандықтан ақпаратты жариялауға болмайды”, – деді Болат Қамитов.

“Қазтехнология” АҚ оқ-дәрілерді жою және патрон шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясы.