Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары

Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды”, – делінген жарлықта.

Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап атқарды. Ол зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босаған Әділбек Жақсыбековтың орнына келген. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz