Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды – Ел жаңалықтары

140

Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz