
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Ол Қазақстанның Қытаймен шекарасында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” ауқымды жобасының бір бөлігі – “Нұр жолы” өткізу пунктінің жұмысымен танысады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында “Қорғас – Шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аймағына және “Қорғас” Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.
Талдықорған қаласында премьер-министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz