Астанада әйелдерді тонаған төрт жігіт ұсталды – Қылмыс

Астана полицейлері әйелдерді тонап келген төрт адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар адам жоқ жерде кешкі уақытта қылмыстық әрекеттерін іске асырып отырған. Олар әйелдердің сөмкесі мен ұялы телефондарын тонаған. 

18 қаңтарда 21:00-де қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында күш қолданып, ақша мен жеке заттары бар сөмкенің ұрланғаны туралы полицияға хабар түсті. 

Кешенді жедел іздеу шаралары барысында күдіктілер ізін суытпай ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың тұратын мекен-жайынан заттай айғақтар тәркіленген. Барлық тонау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр. 

Полицейлер ұсталған азаматтардың біршама қылмыстық әрекет жасағанын болжап отыр, осы орайда осы адамдардың әрекетінен зардап шеккендер болса Астана полиция департаментіне мына телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-61-51; 8-777-303-36-07 және 102.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz