Астанада өртенген жануарлар панасының заңсыз екені анықталды – Тосын жай

Еріктілер Астанада болған өрттің салдарын айтып берді. Өрт себебінен шамамен 40 жануар жанып кете жаздады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қаңтарда Астанада Рамазан көшесінде орналасқан тұрғын үй өртке оранған. Мәлімет бойынша, өрт көрші тұрғын ғимаратқа да жеткен. Ол ғимаратта иттер мен мысықтарға арналған пана орналасқан екен.

Еlorda.info сайтының мәліметінше, бұл пана заңсыз және Әділет министрлігінде ресми тіркелмеген. Бұл ақпаратты баспаға Ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің жетекшісі Ашим Хайруллин айтқан. Оның сөзінше, мұндай мекемелерді тек шағым түскен жағдайда ғана тексеруге болады. Әйтпесе өздігінен жасалған тексеріс уәкілеттігін асыра пайдалануға жатады.  

Үйсіз жануарларға қамқорлық жасайтын ерікті Мира Назырханова өрт көрші тұрғын үйден келгенін айтты.

“Ол жақта 35 мысық, екі ит және үш күшік болған. Қайта ешкім қатты зардап шеккен жоқ, бірақ екі ит күйіп қалды. Оларға ем қажет. Барлық ит зақым алды. Өйткені өрт сырт жақта болған, иттер де сыртта тұрған . Үй қатты өртенбеген, бірақ шатыр жанған. Оған қоса ауладағы үйлер өртенген”, – деп айтты ол. Ерікті жануарларды басқа панаға алып кеткенін айтты.

“Мысықтар осы жерде қалды. Иттерді біз алып кетеміз, себебі олар мында тұра алмайды. Оларды ақылы жерде тұрғызамыз”, – деп айтты Мира. Ол бұл пананың жануарларды уақытша ұстауға арналғанын тұрақ екенін айтты.

Айта кетейік Астана қаласының ТЖМ өкілдері Рамазан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болғанын айтты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтап жатыр.  


Фотолар әлеуметтік желіден алынған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz