Астанада белгісіз бір кәсіпкер көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады – Ел жаңалықтары

Астаналық кәсіпкер қала шетінде бөлме жалдап отырған көпбалалы ана Жанар Узденбаеваға 3 бөлмелі пәтер силады. Қайырымды жан аноним қалғысы келді. Бұл туралы жаңа тұрғын үйлердің бірінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Компания өкілдерінің айтуынша, мұның алдында шағын және орта бизнесі бар кәсіпкер қымбат көлік сатып алғалы жүрген. Бірақ өрт шыққан оқиғадан кейін люкс автосалоннан жиналған 17 миллион теңгесін қайтарып алып, оларды құрылыс компаниясының сату бөліміне алып келген. 

“Бұл сома 3 бөлмелі пәтерге жетпейтіндіктен, компания үстіне 7 миллион теңге қосып, Узденбаевтар көктемде дайын тұрғын үйге көше алу үшін жөндеу жұмыстарын да мойнына алды”, – деп нақтылады компания өкілдері.⠀

“Бұл жаңалықты хабарлағанда сенбедім. Түс деп ойладым. Ал сату бөліміне апарғанда (…), қуанышымда шек болмады. Бәрінен қыздарым бақытты. Енді оларда армандағандай өз бөлмесі болады. Барлығына көп рахмет”, – дейді Жанар Узденбаева көз жасын тия алмай. 

Айта кеткен жөн, әйел жалғыз өзі алты бала тәрбиелеп отыр. Күйеуі 2015 жылы Жанар ең кіші баласына жүкті болғанда қайтыс болған. Осыдан кейін ол 85 мың теңгеге 1 бөлмелі тұрғын үй жалдап тұруға мәжбүр болған. 


© Instagram/novacitykz”

Жартысын әпке-қарындастары төлеуге көмектескен. Әйелдің тұрақты жұмысы жоқ, себебі ең кішісі небәрі 3 жаста. Ол ай сайын балалары үшін 78 000 және 28 000 теңге әлеуметтік көмек алады. Бірақ бұл жеткіліксіз, – дейді “Күміс алқа” медалінің иегері, – себебі қаражаттың көбі бір баланың көру қабілетін түзетуге және екіншісінің сөйлеуін дамытуға жұмсалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала сөйлемейді”, – делінген жарияланымда.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz