Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар 4 баланы құтқарды – Тосын жай

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар қатты түтенген үйдің ішінен автосатыны пайдаланып адамдарды шығарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

“10 наурызда сағат 11.16-да 101 байланысының орталық пунктіне Құдайбердіұлы көшесі нөмірі 31/1 мекенжайында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. 7 минуттан кейін құтқарушылар айтылған орынға жетіп, тоғызқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары 20 шаршы метрде жанғанын анықтаған”, – деді ведомство өкілдері.

Қатты түтіннен адамарға қауіп-қатер төнген. 25 құтқарушылар автосатыны пайдаланып адамдарды үйден шығарған. 25 адам құтқарылды. Оның ішінде төртеуі бала. 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-сі бала.

Өрт сағат 11.33-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.     

  
фото: Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz