Астанада төрт бала иіс тиіп, ауруханаға түсті – Тосын жай

Астанада 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы дүниеге келген бір отбасының төрт баласы газдан уланған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт екі қабатты жатақханадан шыққан. 10 шаршы метр аумақтағы үй заттары мен жиһаз жанған. 10 адам эвакуацияланды және 1 бала құтқарылды.

«9 ақпанда сағат 21.12-де Астана қаласы ТЖД «101» пультіне Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт болып жатқаны туралы хабарлама келді. Өрт 21.52-де оқшауланып, 22.16-да сөндырылды. Оған 15 өрт сөндіру қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды. Тұншықтырғыш газбен уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы туған бір отбасының төрт баласы ауруханаға жеткізілді»,-деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала айтылған ақпарат бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Мұның алдында, Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапқаны туралы хабарланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz