Атырау әуежайында полицей абайсызда әйел адамға оқ атып жіберген – Тосын жай

Кеше, 29 наурызда Атырау Халықаралық әуежайының аумағында төтенше жағдай болды – желілік полиция бөлімінің қызметкері абайсызда әйел адамға оқ атып жіберген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға тексеру бөлмесінде болған. Нәтижесінде атыраулық әйел аяғын жарақаттап алған. Ол медициналық мекемеге жеткізілді.

“Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

“Ақ Жайық” порталының мәліметінше, Макаров тапаншасынан оқ атылған. Зардап шеккен әйел Нұр-Cұлтанға ұшып кетпекші болған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz