Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қамауға алынды – Ел жаңалықтары

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі айға қамалды. Бұл туралы Атырау облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Сот Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты екі ай қамауда ұстау шешімін шығарды”, – деді Атырау облыстық сотының өкілдері. Санкцичя 20 наурызда шықты. 

“Ак Жайык” басылымының мәліметінше, Сайлауова, әкімдікте әлеуметтік блокқа жетекшілік еткен және екі ай бұрын өз еркімен жұмыстан босатылған,ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жымқырып, талан-тараж етіп және пара алды деген күдікке ілінген. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Сайлауова 2017 жылы тағайындалған еді. 2019 жылы 15 қаңтарда ол қызметінен босады. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz