Атырауда «Дина» базары өртеніп жатыр

Атырау қаласында «Дина» базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 тамызда сағат 18.48-де Атырау қаласының «101» қызметіне Сатыбалдиев көшесіндегі «Дина» базары өртеніп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түскен. Құрылыс материалдарын сататын алты бутик өртке оранған. Жалынды сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері мен алты техникасы жұмылдырылған», делінген хабарламада. Сондай-ақ, 12 полиция қызметкері базар аумағын қоршады.

.inform.kz