Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды

Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең Атабаев көшесінде орналасқан “ПромГаз” ЖШС аумағында “Форд” маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген.

“Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді: жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері – бөлім командирі мен өртсөндіруші”, – делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

Сағат 9.58-де өрт толықтай ауыздықталған. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 дана техника жұмылды.