Азия киносының бүгінгі бағыты

186

Алматыда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы басталды.

Форумның ашылу салтанатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  философия докторы (PhD) А. Маемиров, Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков,  «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент Г.Мурсалимовалар сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.

Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өтуіне мұрындық болған сценарист,  режиссер- документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина. Шараға Орталық Азия аймағының белгілі  документалисттері, КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер  Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы  Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты  Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, атақты документалист, режиссер Владимир Тюлькин,  режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және талантты режиссер Евгений Лумпов қатысуда.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер Азия киносының бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.

Форумның бірінші күн, яғни бүгін- өзбек бағдарламасына, екінші күні – қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі,  ал шараның соңғы күні  қазақ бағдарламасы көрсетілімі аяқтайды.

06. 12. 2018. Екінші күн

9.00-12.00  Форум қонақтарын мәдени орындармен таныстыру.

 14.00 Тәжік Республикасы фильмдерінің көрсетілімі  (Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кинозал).

  1. «Один день Душанбе», 28 мин. автор-режиссерлары:

Азиза Нуриддинова, Абулкосим Файзов, Бехрух Курбанов, Далер Бобиев,

Дилшод Халимов, Сергей Прошкин, Фарход Тухташев, Шахбоз Аброров, Шохджамшед Умари.

2 «Духтари Сайhун»  (Дочь Сахун)  30 мин. реж. Далер Имомали.

  1. «Дорогами купцов», 67 мин реж. Пайрав Шарифов, Муминджон Кадиров.
  2. «Снаряд», 14 мин. реж. Орзумурод Шарипов.
  3. 30 Қырғыстан Республикасы фильмдерінің көрсетілімі (Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кинозал).
  4. «Еще раз про любовь», 34 мин. реж. Жанышбек Дадабаев.
  5. «Оймок», 20 мин. реж. Касиет Кубанычбеккызы.
  6. «Свет и тень», 20 мин. реж. Тынай Ибрагимов.
  7. «Отчуждение», 20 мин. реж. Бегим Жолдубайкызы.
  8. «Жизнь прекрасна», 50 мин. реж. Азамат Шершенов.

07.12.2018. Үшінші күн, соңғы күн

9.30 Қазақстан Республикасы фильмдерінің көрсетілімі  (Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кинозал).

  1. «Путь», 25 мин. реж. Евгений Лумпов.
  2. «Соседи»,15 мин. реж. Канат Бейсекеев.
  3. «Наследие предков», 45 мин. реж. Берик Жаханов.
  4. «Crazy moms» (Сумасшедшие мамы»), 26 мин. реж. Жанана Курмашева.

14.00 Дөңгелек үстел «Бүгінгі күнгі Орталық Азияның деректі киносының өзекті мәселелері»

(Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА ректораты).

Сөйлеушілер: форум қатысушылары, кинотанушылар, киносыншылары, тарихшылар, әлеуметтанушылар.

Модераторлар:  Әсия Байгожина, Александра Лумпова.

19.00 Орталық Азия  фильмінің тұсау кесері. Қазақстан. 

(Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқу театры).

Дайындаған: Табиғат ТӨЛЕГЕНТЕГІ