Б.Сұлтанов – Сауда және министрі, М.Мырзағалиев – экология, геология және табиғи ресурстар министрі

ҚП Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындау туралы және М.Мырзағалиевті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын, делінеді жарлықтар мәтінінде.