Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 Тегеран маңында апатқа ұшырады – Жаһан

Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк тасымалдайтын ұшақ Тегеран маңына құлады. Ұшақ бортында 10 адам болған, – деп хабарлайды РИА Новости.

Ирандық Fars агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, ұшақ Бішкектен ұшып шығып, Иран астанасы Тегеран маңындағы Карадж қаласындағы “Пайам” әуежайына қонуы керек болғанын жазады. Алайда ұшақ сол қаладағы басқа “Фатх” әуежайына қона бастаған. 

Алдын ала болжам бойынша, ұшқыш ұшақты қондыру кезінде басқара алмаған және әуе кемесі ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, тұрғын-үйге соқтығысқан. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz