БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты – Тосын жай

Қазақстанның батысында Самара – Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Мой ГОРОД” басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған.

“Тасжолда жеті жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына алдағы көлік құралының тоқтап қалуы себеп болған. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен “Қазавтожол” ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz