
Осыдан 107 жыл бұрын (1912) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ҚОНАЕВ Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) дүниеге келді. Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Осы күнге орай, Алматыда Д.А. Қонаевты еске алу шарасы өтті.
Шара Д. Қонаев бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Оған Д. Қонаевтың қызметтестері, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері, қаланың құрметті тұрғындары, Алматы қаласы БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Еске алу ресімінде мемлекет және және қоғам қайраткері Шәнкерей Жәнібеков сөз алып, қоғам қайраткерінің еңбек жолындағы ізігіліктерін атап өтті. Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының курсаттары Д.Ахметұлының бюстіне гүл шоқтарын қойып, көкке бейбітшілік құсын ұшырды.
Дәл осы күні Дінмұхаммед Қонавтың өмірі мен еңбек жолы жайында «Lyam studioсының» демеушілігімен түсірілген фильм көрсетілді.
Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ