Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні

245

1944 жылы Чикагода 52 елдің өкілдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойды. Конвенция мемлекеттердің азаматтықавиация саласында ықпалдасуына берік негіз салып, Халықаралық азаматтық авиацияұйымының (ИКАО) құрылуына негіз болды. А29-1 қарарына сәйкес 1994 жылы ИКАОАссамблеясы әрбір жылдың 7 желтоқсанын Халықаралық азаматтық авиация күні етіпжариялады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық авиация күнін 1996 жылыбекітті.

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы