Бүгін Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.  Еліміз аталмыш  мерекені  алтыншы  мәрте  тойлауда. Еске  ала кетер бір  жайт,  Осыдан  алты  жыл бұрын,  Парламент 1991 жылдың  желтоқсанының 1  жұлдызы күні  өткен  бірінші Президент  сайлауының  құрметіне  осы  күнді  Тұңғыш Президент  күні  ретінде,  жыл  сайын атап  өту  үшін  арнайы  шешім қабылдаған  еді. Содан бері  жыл  сайын бұл  күн  мереке  ретінде  тойланып  келеді.