Балғынбек Имаш қазіргі айтыс, Жүрсін Ерманмен ара қатынасы және жас ақындар жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен “The Эфир” – Өнер

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасына қонақ болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балғынбек Имаш сұхбатында қазіргі айтыс туралы, Жүрсін Ерманмен ара қатынасы, жас ақындар мен алдағы концерті туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ, ол елдегі соңғы ауыс-түйістерге де қатысты өз ойын білдірді

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен “The Эфир” жобасында әнші Тоқтар Серіков, “Назар аудар” жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков, блогер Дана Есеева, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет, режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар Әлқожа, Артур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты – танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz