Бақауовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды – ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Болат Бақауовтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

“Биыл 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовқа қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді” делінеді ведомства хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК-дегілер тергеу мүддесі тұрғысында дәл қазіргі уақытта бұл істің мән-жайын жариялауға болмайтынын ескертті.