Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашты

Әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкім Бақытжан Сағынтаевтың Instagram, Facebook және Twitter бойынша әлеуметтік желілерге тіркелгенін хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

«Алматы – әрбір қазақстандық үшін айрықша қала және оны бәріміз жақсы көреміз. Менің басты міндетім – әрбір алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін Алматыны қауіпсіз, жайлы, заманауи мегаполиске айналдыру. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізге уақтылы үн қосу мен үшін аса маңызды. Мен қала проблемалары мен оны дамыту стратегиясын бірге әрі ашық талқылауды қалаймын. Қаланың миллиондаған тұрғындарының тағдырына қатысты шешімдерді жасау мен қабылдауда сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Сіздермен диалогқа дайынмын!» – деді мегаполис әкімі.

28 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Сілтемелер: https://www.instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ/

https://www.facebook.com/watch/?v=373862916599907

https://twitter.com/sagintayev_b/status/114552486217536716