“Барыс” хоккейшісі қарсыластар қақпасына ең жылдам шайба салды – Хоккей

“Барыс” сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін “Барыс” өз алаңында мәскеулік “Спартакты” қабылдады. Ойын 4:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында бірінші болып қазақстандық команда есеп ашты – құрлықтық хоккей лигасында бойы ең ұзын (бойы 204 сантиметр) хоккейші Сведберг мәскеулік команданың қақпасына 29-шы секундта шайба салып кетті. 

Осыған дейін, “Барыс” екі рет 39-шы секундта шайба салған еді: 29 қыркүйекте сұрмерген Патрис Кормье ригалық Динамо” клубына қарсы ойында (7:3) қақпадан саңылау тапты, ал 10 қаңтарда қорғаушы Алексей Маклюков “Кунлунь” қақпасына (1:3) шайба салды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz