Бауыржан Байбек Twitter желісінде парақша ашты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісінде аккаунт ашты. 

Ол қазақ және орыс тілдерінде алғашқы жазбасын жариялаған. Оның твиттері Алматы қоғамдық кеңесінің жұмысына арналған.

“Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз”, – деп жазды Алматы әкімі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісін белсенді қолданады. Мемлекет басшысы аймақ әкімдеріне халықпен байланыста болу үшін әлеуметтік желілерді қолдануға шақырған болатын. Тұрғындардың сауалдарын білу үшін ол Instagram желісінде де парақша ашқан еді.

Қазір қазақстандық аймақтардың 11 басшысы әлеуметтік желіде парақша ашқан. Нұр-Сұлтан мен Шымкент әкімдерінің де жеке парақшалары бар.

 

kaz.tengrinews.kz