Bek Air әуекомпаниясын кім басқарады?

Әділет министрлігінің өкілдері Bek Air әуекомпаниясының басшылары туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне “BEK AIR” ЖШС әуекомпаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті.

Заңға сәйкес ЖШС-ның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заң бойынша қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары – оның үлестес тұлғалары”, – деді Әділет министрлігінің өкілдері.  “Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, BEK AIR ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы – Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы – Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді”, – делінген хабарламада.  “Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде  – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір – Бияхметов Рустам Ілиясұлы”, – деп қосты министрлік өкілдері. Осыған дейін, Bek Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов бұрындары авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі басқарманы басқарғаны айтылды.
.