“Бек Эйр” сертификаты белгісіз мерзімге тоқтатылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Бек Эйр” әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

– “Бек Эйр” әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, – делінеді министрлік таратқан хабарламада.