“Беверли-Хиллз” телехикаясының жұлдызы Люк Перри қайтыс болды – Кино

“Беверли-Хиллз, 90210” телехикаясының жұлдызы Люк Перри 53 жасында инсульттен қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап. 

Перри 4 наурызда таңертең Калифорняды St.Joseph ауруханасында көз жұмды. Дәрігерлер актерді құтқаруға тырысса да, өмірін аман қалдыра алмады. Перридің артында екі баласы қалды.

Variety мәліметі бойынша, актер жақындарының: балалары, қалыңдығы, бұрынғы әйелі, анасы, өгей әкесі, әпкесі мен ағасы, басқа да туыстары және достарының жанында қайтыс болды. Отбасы бүкіл әлем бойынша Люктің жанкүйерлеріне осы күндері көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. 

Люк Перри 90-шы жылдары шыққан “Беверли-Хиллз, 90210” телехикаядағы Дилан МакКейдің рөлі арқасында танмалдыққа ие болған. 52 жастағы актер “Ривердэйл” жасөспірімдер драмасында ойнаған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz