Бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 10 982-ге жетіп, тағы 343 адам қайтыс болды. Жаңа мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген, – деп хабарлайды РИА Новости.

Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны – 153 517 болса, коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны – 5375.

COVID-19-ды пандемия деп жариялаған. Айта кетейік, пандемия – бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді. Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген.